Алматы тұрғыны 23 млн теңгені алаяқтарға өзі аударып берген

Алматы тұрғыны 23 млн теңгені алаяқтарға өзі аударып берген

Ішкі істер өкілдері қазір қитұрқы әрекеттерге барған пысықайларды қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

15 адамнан құралған  топтың құрамында Ресей мен Қазақстан азаматтары бар болып шықты. Күдіктілер 10-ға жуық банк картасы мен жалған есімдерді пайдалану арқылы өз құрбандарын сан соқтырып отырған. Ішкі істер министрлігінің криминалды полициясы мен Алматы қаласы полиция департаменті тарапынан қазір арнайы топ құрылып, «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Дәл осындай шара жауапты ведомства мен Алматы және Павлодар облысы полиция департаментімен де өткізіліп, тағы 15 адам ұсталды. Белгілі болғанындай олар 6 адамды алдап, бас-аяғы 106 млн теңгені алаяқтық жолмен тартып алған.