Есік қаласында атыстан екі адам жарақат алды – Алматы облысы

Есік қаласында атыстан екі адам жарақат алды – Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданында атыс болып, екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«22 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласының көшелерінен атыс дауысы естілгендігі жөнінде хабарлама түсті. Тексеру барысында Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 18 және 30 жастағы Есік қаласының тұрғындары түскені анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіруге оқталу бабы бойынша тергеліп жатыр» – делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Ведомствоның ақпаратына сәйкес қазір күдіктілер іздестірілуде.