Елордада ғимарат шатыры өртенді

Өткен түні Елордада бір қабатты ғимарат пен екі қабатты ангардың шатыры өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары келгенде газ толтыру станциясында көгілдір отынның лаулап жанып жатқанын да анықтаған. Жедел жәрдем станциясының хабарлауынша төрт адам зардап шеккен. Өрт сөндірушілер түнгі он екіде қызыл жалынды ауыздықтады.