Қостанай облысында астық сақтайтын элеватор өртенді

Қостанай облысында астық сақтайтын элеватор өртенді

Тілсіз жау Бейімбет Майлин ауданындағы Тобыл станциясында тұтанды. Салдарынан екі бірдей қойма және мың тоннаға жуық зығыр жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі жарым мың шаршы метр аумақ күлге айналды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Жалынды сөндіруге бес техника жұмылдырылды. Қоймалардың бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы өртке себеп болды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.