Атырауда пәтерден ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

Атырауда пәтерден ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды
Иллюстративті фото / 24.kz

Атырауда полиция жас ерлі-зайыптылардың өлімінің мән-жайын анықтап жатыр.

26 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйелдің денесі Авангард ықшам ауданындағы жалдамалы пәтерден табылды. Тұрғын үй бір ай бұрын жалға алынған. Ерлі-зайыптылардың төрт баласы қалды. Аталған дерек бойынша тергеу басталды.