Қарағандыда дизель отынын ұрлағандар ұсталды

Қарағандыда дизель отынын ұрлағандар ұсталды

Қазіргі тапшылық халықты қылмысқа итермелеп отыр. Қарағанды облысында дизель отынын ұрлағандар қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қылмысқа «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ жергілікті филиалының қызметкерлері қатысқан. Облыстық департамент айыпталушы Елубайұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол 2021 жылдан бері локомотив депосының машинистерінен дизель отынын сатып алып, Жаңаарқа ауданы және Жаңаарқа кентінде өткізу үшін сертификатталмаған екі цистернада сақтаған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

– Тексеру барысында жер асты цистерналарынан жалпы құны 3,5 млн теңгеден асатын құжаты жоқ 15 тоннадан астам дизель отыны табылды. Тергеу барысында «ҚТЖ» АҚ филиалы қызметкерлерінің қатысуымен дизель отынын ұрлау схемасы анықталды. Ұрлыққа қатысы бар 9 қызметкер жұмыстан босатылды. Сот үкімімен Елубайұлы Ө. кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.