Ақтөбеде қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Ақтөбеде қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Ақтөбеде жүргізуші куәлігін заңсыз рәсімдеді деген күдікпен қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратына жедел жасақтың баса-көктеп кірген сәті әлеуметтік желіде жарияланды. Ізінше тәртіп сақшылары «мемлекеттік мекемеде көлік басқару құжатын заңсыз рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топ әрекеті әшкере болды» деген ақпарат таратты. Олардың айтуынша, тінту кезінде бірнеше адамның қылмысқа қатысы бар екендігін дәлелдейтін айғақ заттар да тәркіленген. Дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.