ШҚО-да сел жүру қауіпі жоғары аумақта 13 елдімекен бар

ШҚО-да сел жүру қауіпі жоғары аумақта 13 елдімекен бар

Мұндай табиғат апатына тау басындағы көлдердің арнасынан асуы ықпал етуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы өлкеде ондай су қоймаларының саны - 144. Көпшілігі таулы өңірлерде яғни Қатонқарағай, Зайсан, Риддер қаласы маңында орналасқан. Мамандар тау басындағы көлдердің деңгейін әуеден бақылап қана қоймай, түрлі өлшемдер жасап, назарда ұстайды. Мәселен осы жолы теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктіктегі көлге биометриялық зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде одан төнген қауіп жоқ екені анықталды.

Ерлан Балабаев, облыстық ТЖД Төтенше жағдайдың алдын алу басқармасының басшысы:

Қазір тау басындағы мұздықтардың еру қарқыны жоғары. Сондықтан бақылауды жиілетіп отырмыз. Жалпы таудағы көлдер қатты нөсерден соң немесе еріген мұздықтардан және жер сілкінісінен кейін арнасынан асуы мүмкін.