Жетісайда базар өртенді

Жетісайда базар өртенді

Өткен түнде Түркістан облысының Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базары отқа оранды. 

- Жетісай базарда өрт болып жатыр. Түнгі сағат 3.

Тілсіз жау базар аумағындағы бір қабатты ғимараттан шыққан. Өрт әп-сәтте базар аумағындағы 900 шаршы метр жерді күлге айналдырды. Салдарынан бірнеше сауда орны жарамсыз болып қалды. Қызыл жалын таңғы сағат 05:20-да сөндіріліп, 07:35-те толық өшірілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Мамандар желдің салдарынан өртті дер кезінде сөндіру мүмкін болмағанын айтады. Жалынды сөндіруге 47 маман мен 16 техника жұмылдырылды. Оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде арнайы комиссия құрылды.