Шымкентте ІТ маманы ноутбук ұрлап сотталды

Шымкентте ІТ маманы ноутбук ұрлап сотталды

Шымкенттегі мектеп-лицейінің ІТ маманы оқушыларға арналған ноутбуктерді саудалап, түскен пайданы құмар ойынға жұмсап жіберген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша бас аяғы бес айдың ішінде 200-ден астам техниканы қолды еткені белгілі болды. Келтірілген шығын 35 миллион теңгеден асады. Жабдықтау инженері болып жұмыс істеген ол ноутбуктерді ломбардқа өткізіп, кейбірін өзі сатып жібергенін мойындады. Мектеп директоры бұл жайтты оқу жылының соңында мүлікті түгендеу кезінде білгенін айтады. 28 жастағы күдікті кінәлі деп танылып, сот үкімімен жеті жарым жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ шығынды толығымен өтеуге міндеттелді.

Еркебұлан Төлешов, қалалық Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы:

- Оның ұрлап жатқанын ешкім білмеген. Тек қана сыртқа шығарып, оны мүмкін жөндеп жатқан шығар деп ойлаған. Оқу кезеңі аяқталғасын мамыр айында бұл азамат жұмысқа шықпай қойған. Бұны іздеген. Кейін Жайнбаев Нұркен мектеп директорына жазып кешірім сұраған.