«Аmanat» партиясының өкілдері Қостанай облысында өрттен зардап шеккендермен кездесті

«Аmanat» партиясының өкілдері Қостанай облысында өрттен зардап шеккендермен кездесті

Мәжіліс депутаттары Динара Зәкиева, Аманжол Әлтай мен саяси ұйым хатшысы Ринат Кертаев ауруханада ем қабылдап жатқандардың жағдайын сұрап барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партиялықтар отты ауыздықтауға жұмылдырылған құтқарушылар мен өзге де қызмет мамандарымен жүздесіп, олардың әлеуметтік жағдайын, еңбекақысы мен материалдық-техникалық базасын жақсарту сынды өзекті мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек Лесное және Озерное ауылдарының тұрғындарымен де кездесіп,  қажетті керек-жарақ табыстады. Аманаттықтар зардап шеккендерге 807 тонна гумантиарлық көмек жинады. Ал «Жастар Рухы» жастар қанатының 300 волонтері төтенше жағдай орнында жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 1 мың 200-ден астам ерікті гуманитарлық көмек жинау пункттеріне жұмылдырылды.

Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осындай қиындықтан біз өзіміздің бірлігімізбенен, ортақ бір мақсатқа жұмылғандығымызбенен аман-есен, жақсы жеңіп шығамыз деп ойлаймын.

Өртеніп жатқан машинаның ішінен адамды аман-есен алып шыққан Ғалым деген бауырымыздың көңіл-күйін, халін сұрап шықтық. Батырлық деген осындай қиын сәтте өзінің дер кезінде көмегін көрсете білу.