Қостанай облысында орман өртін сөндіруге қатысқан сарбаздар жұмысын аяқтады

Қостанай облысында орман өртін сөндіруге қатысқан сарбаздар жұмысын аяқтады

Алдыңғы шепке «Шығыс» және «Астана» өңірлік қолбасшылықтарынан 180-ге жуық әскери аттанған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Бағаналы, Озерное және Новонеженка елді мекендерінде өртпен алысты. Тілсіз жаудың таралуына жол бермеу мақсатында ор қазып, жер үйінділерін дайындады. Одан бөлек, көліктер оңай қатынауы үшін жолдарды тегістеді. Жалпы, өртті ауыздықтауға жылдам жүретін траншея, әмбебап жол машиналары, әскери экскаваторлар мен БАТ-М жол төсегіштері тартылды. Сондай-ақ әскери-көлік авиациясының ұшақтары да жеткізілді. Ми-17 және Ми-171 жауынгерлік тікұшақтары ауданды барлауға, отты сөндіруге жұмылдырылды. Армиялық авиация ұшақпен 175 мың литрге жуық су шашты.