Баспанасы тұруға жарамды аманқарағайлықтар үйіне оралып жатыр

Баспанасы тұруға жарамды аманқарағайлықтар үйіне оралып жатыр

Әулиекөлдегі эвакуациялық орталықта екі отбасы қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біразы туыстарына кеткен. Ал, шаңырағы өрттен аман тұрғындар ауылға келді. Мәселен, Ирина Шевченконың тек моншасы мен жаздық асханасы жанып кеткен. Баспанасы тұруға жарамды. Алайда егде жастағы әйел, «күлдің арасында өмір сүру мүмкін емес», - дейді. Айта кетейін, орман өртінің салдарынан бір ғана Аманқарағай ауылының өзінде 80-нен астам үй өртеніп кетті. 

Ирина Шевченко, Аманқарағай ауылының тұрғыны:

- Жарық берді. Бірақ, интернет пен газды әлі қосқан жоқ. Осылай өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Бірақ мұнда ұзақ қалуға болмайды. Күл мен ыстың

иісі қолқаны қабады.