Елордада ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Елордада ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Қалалық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ҚР Қылмыстық Кодексі 293-бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды. Күдіктілерді ұстау кезінде   тапанша мен суық қару тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, олар 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.