Ақмола облысының тұрғыны ауласында қара сора өсірген

Ақмола облысының тұрғыны ауласында қара сора өсірген

Ақмола облысында қарасора өсіріп, одан есірткі дайындаған ауыл тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлер оны арнайы рейд барысында анықтады. Облыстық полиция департаменті берген мәліметке сүйенсек, елорда іргесіндегі Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылында тұратын 49 жастағы азамат өз үйінің бақшасында 30 түп қарасора өсірген. Тәртіп сақшылары ол маңайды тінту барысында сұр-жасыл түсті өсімдік тектес затпен толтырылған 20 литрлік ыдысты, сондай-ақ 2 құты мен 1 полиэтилен дорба тапқан. Ал олардың бәрі «марихуана» есірткісі боп шыққан. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.