Шымкентте кітапхана қызметкерлері қазына қаржысына қол салды

Шымкентте мемлекет қаржысын жымқырды деп күдікке ілінген екі есепші сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бұрынғы қызметкерлері миллиондаған қаржыны үш жылдан бері жеке есеп шоттарына аударып келгені толық дәлелденді. Олар мекеме қаржысын жеке мүддесіне жұмсап жіберген. Тергеу аудиторлық тексеруден кейін басталды. Сотта күдіктілер өз кінәсін толық мойындады. Оларға екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ пробациялық бақылауға алынып, қоғамдық жұмыстарға да тартылатын болады.

Камилхан Исмаилов, экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:

– Олар 2018-2021 жылдары аралығанда мекеменің төлем құжаттарына жалған мәліметтер енгізе отыра 9,7 миллион теңге қаржы жымқыру бойынша күдікті ретінде танылған.