Белгілі әзілкеш-вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Олар блогер Мейірхан Шерниязовпен бірге қаржылық пирамида құрды деген күдікке ілініп, ұсталған болатын.

Өткен айда Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты Төребаевты 18 қыркүйекке дейін қамауда ұстау  жөнінде қаулы шығарған. Енді бұл мерзім және бір айға ұзартылып отыр. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Ал, қалалық соттың баспасөз қызметі екінші күдікті Мейірхан Шерниязовқа қатысты әзірге ешқандай шешім шықпағанын айтты.