Қарағандыда заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғандар қолға түсті

Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған өңір тұрғыны ұсталды. Осылайша көл-көсір пайдаға кенелмек болыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астыртын бизнес Қарағанды қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде жұмыс істеген. Ұйымдастырушы құмар ойынға салынған қаржының кемі 3-4 процентін өз пайдасы ретінде алып отырған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

– Тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар покер фишкалар мен ойнауға арналған үстел табылып, тәркіленді. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс тіркеліп сотқа дейнгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат терге мүддесінде жариялауға жатпайды.