Жаңаарқа ауданы аумағына түскен зымыран бөлшегінің тіршілікке аса зияны жоқ – ТЖМ

Бұл туралы аудан әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқоңырдан ұшқан «Прогресс МС-21» жүк таситын ғарыш кемесі Орынбай елдімекенінен 25 шақырым жерге түскен. Зымыранның ұшу күні, уақыты және қалдықтары түсетін орын алдын ала белгіленіп, шұғыл әрекет ету топтары құрылды. Жақын жердегі 1 қыстақтың тұрғындары эвакуацияланды дейді мамандар. Сол себепті алаңдауға еш себеп жоқ. Ал зымыранға зиянды гептил отыны болмаған әрі құлаған бөлшек жеңіл материалдан жасалған .

Қанат Балтабаев, Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының ТЖ бойынша бас инспекторы:

- 2 сағат бұрын космодромнан ракета ұшардың алдында елдімекенде эвакуациялау жұмыстары жүргізілген. Топливосына қарасақ, топливосы гептил емес, керосин болады. Бұл фрагменттер пластмассадан жасалған, халыққа еш зияны жоқ.