Түркістан облысының Төлеби ауданында 25 жер үй мен балабақша аумағына су жайылған

Түркістан облысының Төлеби ауданында 25 жер үй мен балабақша аумағына су жайылған

Түркістан облысының Төлеби ауданында толассыз жауын жауып, 25 жер үй мен балабақша аумағына су жайылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары жедел қимылдап, іске кіріскен. Жағдай жергілікті әкімдіктің бақылауында. Төтенше жағдай қызметі су шаю қаупі туындаса кеңес дереу киім-кешек, дәрі-дәрмек, құжат пен құнды заттарды жинап ол аумақтан дереу кетуге кеңес береді. Сондай-ақ балалар мен егде жастағы жандардың қауіпсіз жерге шығуына көмектесу қажет. Үйден шығар кезде электр, газ жабдықтарын және пешті сөндірген жөн.