Маңғыстау облысында өлі 101 итбалық табылды

Маңғыстау облысында өлі 101 итбалық табылды

Түпқараған ауданында 101 өлі итбалық табылды.

Өлекселер Форт-Шевченко және Баутино елді мекені арасындағы жағалауда жатыр. Аумаққа уәкілетті органдардың мамандары келген. Ақтаудағы Каспий итбалықтарын оңалту және зерттеу орталығының қызметкерлері де осында. Олардың айтуынша, кейбір өлекселер бұзылып, ыдырай бастаған. Енді олардың неден өлгенін анықтау үшін теңіз суы мен жағажайдағы топырақ зерттеледі.