Петропавл жылу электр орталығында мерт болған 22 жастағы жұмысшының қызылордалық екені анықталды

Петропавл жылу электр орталығында мерт болған  22 жастағы жұмысшының қызылордалық екені анықталды

Петропавл жылу электр орталығында мерт болған  22 жастағы жұмысшы Қызылорда облысының тумасы екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол «Строй Центр Арсенал» ЖШС-інде жұмыс істеген.  Компания  стратегиялық нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. 5 қараша күні бригада шатыр ауыстырумен айналысқан.

Компания басшыларының айтуынша, оқиға  болған кезде марқұм  жұмыс алаңында емес,  № 3 қазандықтың газ құбырларының жанында болыпты. Сол жерде үйілген металл конструкциялары, үстіне құлаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Всеволод Сысолятин,  серіктестік директоры:

- Қаза болған марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетілді. 22 жастағы азамат бізге Қызылорда облысынан бір ай бұрын жұмыс істеуге келген еді. Үйленбеген. Негізінен барлық қызметкерлер іске кіріспес бұрын қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өтті. Бірақ өкінішке орай, жағдай осылай болды. Туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.