Ақтауда әскери қызметкер өз пәтерінде жараланды

Ақтауда әскери қызметші өз үйінде жараланды. Ресми дерекке сүйенсек, пәтерде белгісіз зат жарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Соның салдарынан 34 жастағы офицер сол қолының бір бөлігінен айырылды. Қазір ол облыстық көпсалалық ауруханада жатыр. Дәрігерлер ер адамның басы мен денесінде термиялық күйік белгілері бар екенін айтып отыр. «Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды» - делінген Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі таратқан смс-ақпарда.

Есет Шахатбаев, облыстық көпсалалық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі:

- Реаниматолог, хирург, окуилист жарасын қарап, операцияға алуға шешім шығарды. Шұғыл операция жасалды. Қазіргі жағдайы орташа. Науқас палатаның ішінде жүреді. Ем алып жатыр.