Мемлекетке салық төлеуден жалтаруға көмектескен топ ұсталды

Елімізде миллиардтарды қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан топ жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілер ұзақ уақыттан бері кәсіпкерлік субьектілеріне мемлекетке салық төлеуден жалтаруға көмектесіп келген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, баспасөз қызметінің мәліметінше олар бүгінгі күнге дейін  135 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адамның қатысы бар екендігі анықталды. Оның ішінде шетелдік азаматтар да бар. Сонымен қатар 500-ге жуық жалған компания мен 5 мың контрагент тартылған. Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар фигуранттарды кінәлі деп танып, 20 адамды соттады.