Ақтөбе облысында жол апатынан 1 бала көз жұмды

Жарысқа кетіп бара жатқан жас бала жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға бүгін «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолында болған. 11-12 жастардағы 9 бала жаттықтырушысымен бірге Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына жолға шыққан екен. Олар волейболдан жарысқа қатысуы керек еді. Автокөлікте болған, қалған 8 бала облыстық ауруханаға жеткізілді.

Айдос Кулжанов, Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары:

- Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған «Toyota Estima» автокөлігі аударылған. Осыған байланысты жол қозғалысының барлық қатысуышылары ережені қатаң сақтап жолда өте абай болуға шақырамыз.