Бүгін қазақ елі абыз Амангелді Айталымен қоштасты

Бүгін қазақ елі аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, абыз Амангелді Айталымен қоштасты.

Рәсім өзі ұзақ жыл бойы дәріс берген Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өтті. Ардақты тұлғаның артына қалдырған өшпес мол мұрасы кейінгі ұрпаққа зор өнеге екені сөзсіз. Қоштасу рәсімінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхаты оқылды. Сондай-ақ, Ақтөбе жұртшылығынан өзге, Мәжіліс депутаты, зиялы қауым өкілдері, әріптестері қатысты. Азалы жиында сөз сөйлеп, жақындарының қайғысына ортақтасқан азаматтар ардақты тұлғаның білім және ғылым саласындағы зор еңбегін айтып, мәжіліс депутаты болған жылдары түрлі заңнамаларды уақытылы жетілдіруге және елдегі парламентаризмді дамытуға қосқан үлесін де зор мақтанышпен жеткізді.