Жетісу облысында 500-ден аса өрт шығып, 13 адам көз жұмған

Өткен ғасырдағы балауыз ойыншықтар, мақтадан жасалған кішкентай адамдар, гофра қағаздан құрастырылған Аяз ата. Мұның бәрін Алматы галереясында ашылған ескі шырша ойыншықтарының көрмесінен көруге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін оқушылар арнайы құрылғы жасап шығарды. Ол ғимарат ішіндегі улы газды анықтайды. Бөлмедегі ауа құрамы өзгергенде құрылғы бірден дабыл қағады.  Тіпті сыртта жүрсеңіз де үйдегі  қауіпті ескертеді.

Тимур мен Ердос сіріңкенің қорабындай ғана құрылғыға бірнеше  датчик орнатқан. Олар ауаның ылғалдылығын және құрамындағы улы газды анықтайды. Зиянды зат мөлшері көбейсе бірден белгі беріп қана қоймай, жарты минутта ұялы телефоныңыздың да дабыл жүйесі іске қосылады.

Ердос Еренталов, қалалық №20 мектеп лицейдің оқушысы:

-Біз сигналдың ұялы телефонға жіберілуі үшін арнайы мобильді қосымша жасадық. Оған құрылғыдағы мәліметтер топтастырылады. Сол арқылы үйде болмасаңыз да сізге ескерту жібереді. Біз енді құрылғыны патенттеуді және оны жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Яғни тоқпен емес батарейкамен жұмыс істейтіндей етіп жасаймыз. Дауыс зорайтқышын саламыз.һ

Қоғам үшін пайдалы құрылғыны құрастыру идеясы оқушыларға төтенше жағдай қызметкерлерімен кездесуінен соң келген. Жыл сайын бірнеше адамның өрттен қаза болатынын естіген оқушылар қайғылы жағдайдың алдын алсақ,- деген ниетпен жобаны қолға алды. Сөйтіп, жоспарлап зерттеп, ізденіс пен сынақтардың  нәтижесінде дабыл жүйесі жасалды. Жас өнертапқыштардың бұйымын төтенше жағдай департаментінің басшылығы жоғары бағалады. 

Игорь Жуков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Оныншы сыныптың оқушыларының осындай құрылғы жасап шығарғаны таң қаларлық жағдай деп айтуға болады. Олар бұл  құрылғыға небәрі бес мың теңге жұмсапты, ал бізге шетелден келетіні  одан екі-үш есе қымбат. Ал, атқаратын функциясы бірдей.

Жетісу облысында биыл түтін мен улы газды анықтағыштың  346 сы сатып алынды. Сөйтіп оның жалпы саны 800 ден асқан. Құрылғылар әлеуметтік санаттағы отбасылардың үйіне орнатылды. Сала қызметкерлері оны тұрақты түрде тексеріп, пештің ақауларын да көрсетеді.  

Жас өнертапқыштар осы құрылғы арқылы облыстық «Дарын» байқауының жүлдесін жеңіп алды. Енді олар республикалық кезеңінде бақ сындайды. Жасөспірімдердің құрылғысы жаппай өндіріске шықса қайғылы жағдайдың алдын алып, адам өмірін сақтауға сеп болмақ.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов