СҚО-да Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімінің бұрынғы басшысы қамауға алынды

Сара Рамазанова қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша пара берді деген күдікке ілініп отыр. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге салайық, ұсталған шенеунік 2020 – ыншы жылы қалалық білім бөлімін басқарып тұрған кезде оның күйеуі Петропавлдағы екі балабақшаны сенімді басқаруға алып, сынның астында қалған болатын. Тексерістен кейін мектепке дейінгі білім беру мекемелері қайтадан мемлекет қарауына қайтарылып, Рамазанова қызметінен босатылды.

Айдос Жүнісов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Білім бөлімінің басшысы Рамазановаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі таңда Петропавл қаласындағы мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Рамазанова қамауға алынды.