600 млрд теңге заңсыз алынған активтер мемлекетке қайтарылды

Атап айтқанда қымбат үйлер, соңғы үлгідегі көліктер, құнды әшекей-бұйымдар мен қолма-қол ақша тәркіленді.

Сондай-ақ ел ішінде және шетелде сақталған құны 360 миллиард теңгеден асатын өзге де заңсыз кірістер анықталған. Олар жақын арада ел қазынасына қайтарылады. Ал бұл қаражаттардың барлығы мектеп құрылысына жұмсалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай ақпарат таратты.