Маңғыстау облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта Ақтау-Ақшұқыр бағытындағы трассада болды.
Мұздақ жолдан тайған «ZAZ Chance» жеңіл көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысты. Осы сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жүргізуші мен екі жолаушының денесін құтқарушылар көлікті кесіп шығарып алды.
Әйгерім Ибадуллаева, облыстық ПД коммуникациялар бөлімінің басшысы:
- Аталған дерек Түпқараған аудандық полиция бөліміне заңның 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.