Ақтөбеде қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кеткен

Ақтөбе қаласының сыртында орналасқан демалыс орындарының бірінде қар үстінде жүретін шағын көлік бір топ адамды қағып кетті.

40 жастағы әйел қайтыс болып, 49 жастағы ер адам мен 5 бірдей кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың ішінде бір жасар сәби де бар. Балалардың денсаулығына қатысты нақты ақпарат айтылмайды. Дегенмен дәрігерлер науқастардың жағдайын жіті бақылауға алған. Ал полицияның хабарлауынша қар үстінде жүретін көлікті 2007 жылы туған азамат тізгіндеген. Көлік сырғып келе жатып, бір топ адамды қағып кеткен. Қазір осы дерек бойынша Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.