Ресейден келе жатып қарға батқан көліктегілер құтқарылды

Қостанай облысының оңтүстік аудандарында ақтүтек боран соғып, жол қатынасы қиындады.

Құтқарушылар Ресейден Жамбыл облысына бағыт алған автокөлікті қар құрсауынан шығарды. Оның ішінде екі ересек және төрт бала болған. Көлік Жезқазған - Петропавл республикалық тас жолындағы Жалғызтал ауылы маңында омбы қарға батып қалды. Арқалық қаласының құтқарушылары жол талғамайтын техникамен оқиға орнына жетіп, көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарды. Жолаушыларға  медициналық көмек қажет болмады.