Алатаудың баурайында 63 ағаш түбінен кесіп тасталған
Алматыдағы Алатаудың баурайында жеміс ағаштарын отау дерегі тыйылар емес.
Күні кеше белгісіз жұмысшылар Нұрлы тау шағын ауданында 63 түп алма ағашын аралап тастаған. Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы мамандарының айтуынша, оларға ешқандай рұқсат құжаты берілмеген. Сондықтан заңсыз әрекетке барғандарға 3 миллион 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ, кінәлілер 3150 түп көшет отырғызуға міндеттелді.