Қарағандыдағы жекеменшік балабақшада бүлдіршін күйіп қалды
Қарағандыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде екі жасар бүлдіршін күйіп қалды.
Ол бірден жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жағдайын орташа деп бағалап отыр. Ата-анасының айтуынша, тәрбиешілер баланы қараусыз қалдырған. Ол ыстық судың кранын ашып жіберіп, қос бірдей табанын қатты күйік шалған. Мектепке дейінгі мекеме білім басқармасының баланысында болмай шықты. Мұнда 1 мен 6 жас аралығындағы балалар келеді екен. Ай сайын ата-аналар 45 мың теңге төлейді. Қазір бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Виктория Евтеева, күйік шалған баланың анасы:
- Баламыз енді аяққа тұрғанша ең кемі 1-1,5 ай емделу керек. Жазылып кетсе екен деп тілеп отырмыз. Жекеменшік бала-бақшаның қаншалықты заңды жұмыс жасап отырғанын білгіміз келеді. Бұл жағдай қайталануы мүмкін ғой. Кінәлі жандар жазасын алуы тиіс.