Алматыда әскери институттың курсанты қаза тапты
Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтында қайғылы оқиға болды.
Бүгін оқу орталығының қарауылдық бекетінде 1-курс курсантының денесі табылды. Бұл жөнінде қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді.