Қарағанды облысында адамдар қар құрсауынан құтқарылды

Қарағанды облысында құтқарушылар 30-ға жуық адамды қар құрсауынан шығарып алды.

25 наурызға қараған түні Осакаров ауданы "Приишимское ауылы - Шоқай кенті" тас жолының бойында жолаушылар мінген автобус қар құрсауында қалып қойған. Көлік ішінде болған 28 адам, оның ішінде бір бала қауіпсіз жерге көшіріліп, Осакаров ауылына эвакуацияланды. Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді.