Қостанай облысында жүргізуші куәлігін сатқандар ұсталды
Қостанайда жүргізуші куәлігін заңсыз сатқандар ұсталды.
Әзірге 5 адам осындай күдікке ілігіп отыр. Олардың бірі, көлік жүргізушілерін даярлап, емтихан қабылдайтын серіктестікте жұмыс істесе, енді бірі мамандарылған халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері екен. Ұйымдасқан топ куәлік саудасын кең жолға қойған. Ақшасын төлегендер тест тапсырып әуреленбейді. Олардың орынына басқа біреулер кіреді, не компьютерге, қашықтан жалғанған құрылғылар пайдаланылады. Осындай құйтұрқы әдіспен былтыр мыңнан аса адам жүргізуші куәлігіне ие болған. Қазір сол оқымай, сатып алғандарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Күдіктілердің үй-жайларын, жұмыс орындарын тінту барысында банк карталары, миллион тенгеден астам ақша, компьютерлік техника, флеш-карта, ұялы телефондар мен құжаттар тәркіленді. Тіпті біреуінен тіркелмеген мылтық пен оқ дәрі табылған. Тергеу жүргізіліп жатқандықтан, Қостанайдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында, жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру уақытша тоқтатылды.
Ербол Қайырбеков, облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы:
- Жол апаттарының көбейгеніне байланысты осы істерді қарап, осы күдікті адамдарға шықтық. Орташа қылмыстардың түріне жатады. Сондықтан олардың бір жылдан екі жылға дейін бас бастандығынан босауы мүмкін. Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сол көрсетеді нәтижесін.