Медеуде тас құлады

Алматыда Медеу мен Шымбұлаққа барар жол уақытша жабылды.

Себебі Медеу бөгетінің тұсынан 300 метр жоғары жерде тас құлады. «Қазселденқорғау» мекемесі мамандарының айтуынша жолға түскен ауыр тастардың көлемі 20 текше метр. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Үлкен тастар қорғаныс қабырғасының ішіне түсіп, арнайы жасалған тор мен тіреуді зақымдаған. Қазір қаланың тиісті қызметтері тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтеншеліктер болса тұрғындарға, қала қонақтарына жауын-шашынды күндері тауға барудан бас тартуға кеңес береді. Сондай-ақ ауа райы болжамын қаперде ұстауды ескертеді.