Қазақстанның үш азаматы Таиландта апаттан зардап шекті

Таиландта катер апатынан жапа шеккен 3 қазақстандықтың жағдайы тұрақты.

Бұл туралы осы мемлекеттегі еліміздің консулдығы хабарлады. 3 отандасымыздың екеуі қазір аруханада емделіп жатыр. Таиландтың Пхукет аралында туристер мінген катер жағадағы бетон құрылысты қағып, апатқа ұшырап, 30 адам жарақат алды. Жалпы оқиға кезінде шағын кемеде 33 саяхатшы мен 4 экипаж мүшесі болған. Олардың арасында 4 қазақстандық бар. Барлық шығынды катерді жалға берген компания мойнына алған.