Қарағандыда бес қабатты үй өртенді
Қарағандыда бес қабатты үй өртеніп жатыр.
Майқұдықтағы 11 А шағын ауданындағы үйлердің бірінде өрт шықты. Қызыл жалын шатырды түгел шарпыған. Арнайы қызмет өкілдеріне өрт туралы ақпарат сағат 14:59-да түскен. Тілсіз жау шамамен аумағы 900 шаршы метр жерге таралған. Төтенше жағдайлар қызметі 15 адамды эвакуациялады. Оқиға орнында облыс және қала әкімдері бар. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қала әкіміне тұрғындарды уақытша мекенге орналастыруды тапсырды. Штаб ұйымдастырылды", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.