Абай облысында орман өртеніп жатыр
Абай облысының «Семей орманы» табиғи резерваты өртеніп жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қызыл жалын Ресейдің Алтай өлкесінен Бородулиха ауданы аумағына өткен. Қазір Березовка ауылына қауіп төніп тұр.
Тілсіз жау 70 гектар аумақты шарпып үлгерген. Өртті сөндіруге 200-ге жуық адам мен 60-қа тарта техника жұмылдырылды.