Абай облысында орман өрті жалғасып жатыр
Абай облысының «Семей Орманы» резерватына қарасты аумақта өрт сөндіру әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қызыл жалынмен күресуге 600-ге тарта адам, 130-дан астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы мен 4 тікұшақ жұмылдырылған. Әуеден 442 тонна су төгілген. Алдын-ала болжам бойынша 3 жарым мың гектар алқап отқа оранған.