Абай облысындағы өрт кезінде 3 орманшы опат болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы алапат өртке байланысты Үкіметке және облыс әкімдігіне нақты тапсырма берді.

Опат болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына барынша  көмек көрсетуді тапсырды. Ал Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, өрт кезінде орман шаруашылығының 3 қызметкері опат болды. Тағы 11-і іздестіріліп жатыр.