Абай облысындағы өрт: 14 қызметкермен байланыс үзілді
Абай облысында орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс үзілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
өөОларды қазір іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Үкіметте өңірдегі табиғи өртке қатысты ахуал қаралды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ТЖМ жанындағы Ахуалдық орталық базасында Жедел Республикалық штаб отырысын өткізді. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамнан 662 адам және 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылған. Авиациялық техникамен 80 рет жалпы көлемі 192 тонна су шашылды. Астана қаласы және Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменттерінен қосымша 133 адам және 48 техника, 4 тікұшақ жіберу туралы шешім қабылданды.