Абай облысында 11 орманшы іздестіріліп жатыр
Абай облысында орман шаруашылығының 11 қызметкерімен байланыс жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оларды қазір іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы Ахуалдық орталық базасында Жедел Республикалық штаб отырысын өткізді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 662 адам және 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылған. Авиациялық техникамен 80 рет жалпы көлемі 192 тонна су шашылды. Астана қаласы және Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменттерінен қосымша 133 адам және 48 техника, 4 тікұшақ жіберіледі.