Петропавлда жол ережесін 56 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Петропавлда екі аптаның ішінде 56 рет жылдамдықты асырған жүргізуші ұсталды.
Ресейлік нөмір таққан көлікті табудың өзі, оңай болмаған. Полиция қызметкерлері оны бейнебақылау камералары арқылы қолға түсірді. Енді қала көшелерінде желдей жүйіткіген 29 жастағы жігітке 1 миллион 300 мың теңге айыппұл төлеуге тура келеді. Жалпы «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қарызын өтемей жүрген бес мыңға жуық адам анықталды.
Айбатыр Әміров, СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:
- Сонымен қатар жүргізушінің сақтандыру полисі болмай, үстінен тағы да хаттама толтырылды. Ал көлігі айып тұрағына қойылды. Жалпы жыл басынан бері бейнебақылау камералары арқылы 15 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды.