Кеген ауданының Саты ауылында сел жүрді
Алматы облысындағы Кеген ауданына қарасты Саты ауылдық округінде бұршақ аралас жаңбыр соңы селге ұласты.
Сөйтіп, ауыл іргесіне су жайылды. Нөсер жауын, кеше кешкі 7-де басталып, жарты сағатқа созылған. Құтқару бөлімінің мамандары, тұрғындардың көмегімен су сору жұмыстарын жүргізді.
Кеген ауданы әкімінің орынбасары Ертай Нұр-маханов бізбен байланысқа шығып, елді мекендегі ахуал жайында тікелей эфирде баяндап беруге дайын.
- Ертай мырза ауылдағы ахуал қалай?
- Ауласына су жайылған отбасыларға қандайда бір қолдау көрсетіледі ме?
- Ауылдағы жағдай қашан тұрақталады?
Ертай Нұрмаханов, Кеген ауданы әкімінің орынбасары:
- Қазіргі уақытта селден кейінгі тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Республикалық маңызы бар тас жолда қозғалыс толығымен ашылды. Жергілікті атқарушы билік келтірілген залал көлемін анықтауға кірісті. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, Сондай-ақ, тұрғын үйлер зардап шекпеген, су аулаларға ғана кірген. Комиссия жұмысын аяқтаған соң жан-жақты ақпарат береміз.
Сондай-ақ кеше жауынның, мол түсуінен, Жал-аңаш Саты-Көлсай автожолының біраз бөлігін су шайған. "Қазавтожол" қызметкерлері бүгін таңғы сағат 05:00 кезінде тас жолда көлік қозғалысын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізді.