Бір тәулікте төрт адам суға кетті

Арнайы жабдықталмаған орындарда шомылу салдарынан тағы 4 адам көз жұмды.

Оның арасында 2011 жылы туған бір бала бар. Бұл өткен тәулікте тіркелген қайғылы оқиға. Бүлдіршіндердің дені жүзе алмайды. Тыйым салынған орындарда шомылып, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан суға кетіп жатыр, дейді мамандар. Сондықтан Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға бас-көз болып, қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертіп отыр.