Павлодарда шатыр басып қалған азаматтың бірі бас-ми жарақатын алған
Павлодарда опырылып түскен шатырдың астында қалған екі азаматтың бірі бас-ми жарақатын алған.
Ал екіншісінің аяғы сынып, бірнеше жерден жараланған.
Айта кетейік, бүгін шаһарда қатты жел тұрып, сауда үйінің шатыры аударылып түскен еді. Салдарынан, 52 және 49 жастағы тұрғын зардап шекті. Тағы 13 көлікке зақым келген. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құлаған темір тіреуіштің ауданы 300 шаршы метр. Бұдан бөлек, екпінді жел мен қатты нөсерден қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды.