Оралда көп пәтерлі үйдің төбесі опырылып түсті
Оралда екі ғасыр бұрын салынған қосқабатты үйдің төбесі опырылып кетті.
Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Бірақ осы үйде тұрған отбасы енді қайда барарын білмей дал. Мұндағы өзге тұрғындар да үреймен күнелтіп отыр.
Олардың айтуынша, әкімдіктен ескі ғимарат орнына жаңасын салып беруді сұрағанымен мәселе әлі шешілмеген.
- Міне мен жұмыста болып, мына төбе құлады. Қайта біздер жұмыста болдық. Үйде болғанда білмеймін, дзәт болатынын.
Жұмыстан келген Бауыржан Құсанәлиев баспанасының тас-талқан болғанын көріп естен тана жаздаған. әйтеуір Оқыс оқиға кезінде бала-шағасы үйде болмапты. Кейін 6 жасар баласын бірден ауылдағы туыстарына жіберген. Ал әйелі екеуі осында тұруға мәжбүр.
Бауыржан Құсанәлиев, қала тұрғыны:
- Құлаған нелерінің бәрін жинап, есік алдына шығарып тастадым. Заттарымды ана жаққа кіргізіп. Акиматқа бардым. Ол айтады «төбені мен жауып бермеймін ғой» деп. Солай айтты. Сөйтіп, шығарып салды, болды.
Пушкин көшесінде орналасқан бұл үй 19-ғасырдың аяғында салынған екен. Мұнда 11 пәтер бар. Небір тарихи кезеңдерге куә болған ғимараттың қазіргі кейпі жарылыстан зақымданған нысанға ұқсайды.
Гүлмайра Нұғманова, қала тұрғыны:
- Стеналар жарылып жатыр. Енді төбесі құлап жатыр солайымен. Өз күшімізбен су өткізген болатынбыз, газ өткізген болатынбыз. Мынандай аварийный болғасын кейбіреулер квартираға шығып кетіп жатыр, басқа квартира жалдап.
Қазір қалада 55 көппәтерлі үй апатты деп танылған. Алайда ол тізімде дәл осы екі ғасыр бұрын салынған нысан жоқ болып шықты. Мамандар ғимараттың апатты жағдайда екенін дәлелдеу үшін алдымен тұрғындар ортақ құжат жасатуы керек екенін айтады.
Бағдат Рафаил, қалалық реновация бөлімінің басшысы:
- Үйдің иелері өздері бірігіп, аккредитованная компаниялар арқылы осы үйді авариялық деп тану керек. Содан кейін біздер реновация бағдарламасымен жұмыс жасай аламыз. Бұл бағдарлама бойынша осы апатты үй кейбір компанияларды қызықтырса, онда осы жерге жаңа тұрғын үй салады.
Шаһарда реновация бағдарламасы шеңберінде 4 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Оларды жыл соңына дейіп тапсыру жоспарда. Тағы 5 үй көп ұзамай сүріледі. Ал өзге баспаналардың тұрғындары кезегін сарыла күтуге мәжбүр.
Еркебұлан Смадияров, Болат Жарылғасов, Елдар Аюпов